Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін бастайды

03.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 19:55-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық футболшылар жарыстың бұл кезеңінде Армения мен Беларусьпен шеберлік байқасады. Ойындар наурыз, сәуір және маусым айларында өтеді.

Жақында ұлттық құрама тізгінін қолына алған отандық маман Бегайым Қырғызбаева алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 футболшыны шақырды.

- Бүгінгі ойынды асыға күттік. Біршама үзілістен кейін үлкен футболға қайта оралдық. Бұл кездесу мен үшін аса маңызды. Әрбір матч - біз үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан алдағы кездесуде жақсы ойын көрсетіп, биылғы маусымды жоғары деңгейде бастауға күш саламыз, - деді еліміздің әйелдер құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева.

Қазақстан әйелдер құрамасы

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Нұрбаева («Гурник Ленчна», Польша), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Анель Бланк («Қызыл-Жар»), Анеля Сұңқарова («Астана»), Анеля Берікова («Будучность», Черногория).

Жартылай қорғаушылар: Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей).

Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Амина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).

Отандастарымыз 3 және 7 наурыз күндері елордадағы «Астана Аренада» Армения және Беларусь құрамаларымен жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан әйелдер лигасының жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью