Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалы қай күндері өтеді

15.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алды. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатысты. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталды. 

Мұндай мүмкіндікке «Қайсар» (Қызылорда), «Тобыл» (Қостанай), «Атырау», «Ордабасы» (Шымкент), «Қайрат» (Алматы), «Астана», «Елімай» (Семей), «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Алтай» (Өскемен), «Ақтөбе», «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Каспий» (Ақтау), «Қызылжар» (Петропавл) командалары ие болды.

Енді 1/8 финал 29-30 сәуір күндері өткізіледі.

29 сәуір (сәрсенбі)

14:00. «Оқжетпес» — «Жеңіс»
15:00. «Ертіс» — «Қызылжар»
16:00. «Атырау» — «Жетісу»
18:00. «Астана» — «Тобыл»
20:00. «Қайсар» — «Кайрат»

30 сәуір (бейсенбі)

15:00. «Алтай» — «Ұлытау»
18:00. «Ордабасы» — «Каспий»
20:00. «Ақтөбе» — «Елімай».

Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) — 1 мәртеден жеңімпаз атанды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью