Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бұл ойын Қазақстан уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу Хорватияның Пула қаласында өтеді.
Қазірге дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен. Оның 2-де Фарер аралдары жеңіске жетсе, 1-уі тең аяқталып, 1-де Қазақстан құрамасы басым түсті.
Отандастарымыз 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде J тобында 8 ұпаймен 4 орынға тұрақтады. Олар Уэльстен екі мәрте (1:3, 0:1), Солтүстік Македониядан (0:1), Бельгиядан (0:6) есебімен жеңіліп, Солтүстік Македония және Бельгиямен (1:1) тең түссе, Лихтенштейнді (4:0, 2:0) екі мәрте тізе бүктірді.
https://kaz.inform.kz/news/alem-chempionatina-rkteu-kazakstan-kuramasi-belgiyamen-ten-tust-34f59a/
Ал Фарер аралдары құрамасы L тобында 9 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Олар Хорватия (0:1, 1:3), Чехия (1:2, 2:1) Черногория (0:1, 4:0), Гибралтармен (2:1, 1:0) ойнады.
FIFA рейтингінде Қазақстан құрамасы 119 орында тұрса, Фарер аралдары 136 орынға жайғасқан.
Бас бапкер Талғат Байсуфиновтың айтуынша, бұл кездесуге Қазақстан құрамасы сапында «Қайрат» командасының футболшылары қатыспайды. Олар алматылық клубтың Чемпиондар лигасы бесінші турындағы Данияның «Копенгагенімен» кездесуге дайындығын жүргізеді.
Осыған дейін Хорватияда Футболдан 17 жасқа дейінгілер арасында өткен Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болғаны туралы жаздық.