Футболшы Холанд әлеуметтік желілердегі жаңа мемдер толқынының кейіпкеріне айналды

07.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Норвегиялық футболшы Эрлинг Холанд тек спорттық жетістіктерімен ғана емес, өзге де қырларымен назарға ілікті. Желі қолданушылары оның жүріс-тұрысын, мимикасын, тіпті сырт келбетін жаппай қайталап жатыр, ал футболшының қатысуымен жасалған пародиялар ондаған миллион қаралым жинап үлгерген. Әлемдік футболдың басты жұлдыздарының бірінің айналасында не болып жатқаны туралы Tengri Life материалынан оқыңыз.

Эрлинг Холанд деген кім және ол неге трендте?

25 жастағы Эрлинг Холанд - әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі және Норвегия құрамасының көшбасшысы. Шабуылшы 2022 жылдан бері ағылшындық "Манчестер Сити" клубында өнер көрсетеді, ол бұл командаға дортмундтық "Боруссиядан" ауысып келген. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рекорд орнатып, әлемдегі ең қымбат ойыншылардың біріне айналды - оның трансферлік құны шамамен 200 миллион еуроға бағаланады.

Соңғы күндері Холанд Әлем чемпионатындағы ойынының арқасында тағы да назарға ілікті. Норвегия құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем біріншілігінің ширек финалына шығып, Бразилияны (2:1) сенсациялық түрде жеңді, ал форвардтың өзі дубль жасап, турнирдегі голдар санын жетіге жеткізді. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде норвегиялық ойыншының қатысуымен жасалған мемдер қаптап кетті.

Мемдер қайдан шықты?

Норвегия құрамасының сәтті өнерінен кейін интернетті Эрлинг Холандқа қатысты мемдердің жаңа толқыны басты. Желі қолданушылары оның таңғажайып нәтижелілігіне ғана емес, сонымен қатар ерекше сырт келбетіне, мимикасына және өзіне ғана тән жүрісіне қатысты әзілдер шығарған.

Бойы 195 сантиметр болатын Холанд ең жылдам әрі қауіпті шабуылшылардың бірі болып қала береді. Қазір оның голдарынан кем түспейтін қызығушылықты спортшының эмоционалды бет-әлпеті мен мойнын алға созып жүретін өзіндік жүрісі тудырып отыр.

Бүкіл әлемдегі блогерлер оның қимылдарын, мимикасын және жүріс-тұрысын қайталап, пародиялар түсіріп жатыр. Көптеген ролик миллиондаған қаралым жинап үлгерді.

Флешмоб әлеуметтік желі шеңберінен шығып кетті. Норвегия мен Франция құрамаларының матчіне көптеген жанкүйер атақты форвардтың бейнесінде, жасанды шаш (парик) киіп келді. Олардың арасында танымал америкалық актер Ченнинг Татум да болды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Sh0wS_TV (@sh0vvs_tv) жариялаған жазба

Холандтың сыңары

Кейінгі күндері ең танымал болған роликтердің бірі - модель Анастасия Костромитинаның пародиясы. Бойжеткен анасымен бірге Холандқа ұқсастығын әзілмен жеткізген видео түсірді. Желі қолданушылары оның өзіне-өзі сынмен қарағанын және бейнені дәл бергенін жоғары бағалады - ролик тез арада миллиондаған қаралым жинап, желіге тарап кетті.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Мария (@mariya___kos) жариялаған жазба

Ол 81 миллион қаралым және 4 миллионнан астам лайк жинады.

Желі қолданушылары модельдің норвегиялық футболшыға ұқсастығына таңданыстарын жасырмады:

"Эрлинг, өзіңнің славян текті қарындасыңмен таныс", "Егіздің сыңарындай", "Оның әйел нұсқасы", "Айнымай қалған ксерокөшірме", "Вау, аумайды екен", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Шамасы, қазіргі таңда Эрлинг Холанд тек әлемнің үздік шабуылшыларының бірі ғана емес, сонымен қатар желінің басты кейіпкерлерінің біріне айналған сияқты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью