Futures Cup турнирінде финалға қай елден қанша боксшы шықты

14.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл жөнінен Қазақстан құрамасы сегіз спортшымен екінші орында тұр. Ел құрамасынан он спортшы жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Олардың 8-і жеңіске жетсе, 3-еуі қарсыласына есе жіберді. 

Отандастарымыз арасынан Камила Оспанова (70 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі), Досжан Жұмақан (60 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Жалғас Өтебеков (90 келі), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) финалға жолдама алды. 

Ал көш басындағы Өзбекстан – 9, үшінші орындағы АҚШ – 5 боксшыға сенім білдірсе, одан кейін Үндістан – 4, Украина – 3, Франция, Жапония – 2, Англия, Италия, Қырғызстан, Грузия, Самоа, Тувалу, Таиланд 1 үздігіне үміт артады. 

Сондай-ақ ел құрамасынан Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) Зарина Толыбай (75 келі), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі) қола жүлдегер атанды.

Финалдық жекпе-жектер 15 наурызға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью