Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Біздің жігіттер ФИФА күнтізбесіне сәйкес 5-15 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Какау бастаған отандастарымыз оқу-жаттығу жиыны аясында Ақтау қаласында Әзербайжан құрамасымен 13 және 15 сәуір күндері екі жолдастық матч өткізеді.
Қазақстан құрамасының тізімі
Қақпашылар: Лео Игита, Нарун Серіков («Ақтөбе»), Дәулет Затыбеков («Тұлпар»);
Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Біржан Оразов (екеуі – «Қайрат»), Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Ержан Карменов (екеуі – «Семей»), Азат Валиуллин («Аят»), Жахангир Рашит («Атырау»), Ақжол Дәрібай («Тұлпар»), Нұрсұлтан Таңатұлы, Дамир Қайырбай (екеуі – «Каспий»), Альберт Ақбалықов («Ақтөбе»), Ақеділ Мадияров («Байтерек»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).
Қазақстан чемпионатының 38-турындағы «Ақтөбеге» қарсы ойында «Қайраттың» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды. Медициналық тексеру нәтижесінен кейін, Дәуреннің алдағы ойындарға қатыса алмайтыны анықталды.
Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған шабуылшының орнына «Каспий» клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлын шақыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Рикардо Камара Собрал (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.