Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат ширек финалда қай командамен кездеседі

06.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

1/4 финалда «Қайрат» Испанияның «Картахена» клубымен ойнайды. Испаниялық команда екі кездесудің қорытындысы бойынша Мальтаның «Сент-Эндрюс» клубын 14:2 есебімен ойсырата жеңді.

Алғашқы матчта «Картахена» сырт алаңда 9:1 есебімен басым түсті, ал қарымта кездесуде өз алаңында тағы да 5:1 нәтижесімен айқын жеңіске жетті.

«Қайрат» 1/8 финалда Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубын жарыс жолынан шығарды.

Брюссельде өткен алғашқы ойында алматылықтар 7:3 есебімен жеңіске жетсе, Алматыдағы жауапты матчта тағы да 5:3 есебімен басым түсті.

Алдағы ширек финалдық кездесу команданың биылғы маусымдағы ең маңызды матчтарының бірі болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының келесі сатысына шыққанын жазған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью