Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне өзгерістер енгізілді

02.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жарыстың аталған сатысында 16 команда сегіз жұпқа бөлінеді. Командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бір кездесуден өткізеді. Бұл ойындар 2025 жылдың 24 қараша-6 желтоқсан аралығына белгіленген.

Одан кейін 2026 жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызы аралығында командалар сол ереже бойынша ширек финалда сынға түседі. 

Финал 2026 жылдың мамыр айында Италияның Песаро қаласында өтеді. Онда төрт команда шеберлік байқасады. Алдымен жартылай финал болса, одан кейін финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.

Айта кетсек, элиталық кезеңге еліміздің атынан алматылық «Қайрат» пен «Семей» командалары жолдама алды. 

Алматылық «Қайрат» клубы Косовоның «Приштина» командасын 4:1, хорватиялық «Ново Вриемені» 3:2 есебімен тізе бүктірсе, Португалияның «Спортингтен» 2:7 есебімен жеңіліп қалды. 

Ал үшінші топта сынға түскен семейлік команда Чехияның «Хрудимін» 9:5 есебімен жеңсе, франциялық «Этуальға» 3:4, испаниялық «Пальмаға» 4:7 есебімен есе жіберіп қойды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью