Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды.
Гаагада өтіп жатқан ауқымды спорттық іс-шара – жыл сайын ондаған мың қатысушыны жинап, бірқатар орталық көшенің уақытша жабылуына себеп болатын NN City-Pier-City мерейтойлық жүгіруіне қарамастан қазақстандықтар таңнан бастап сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге уақыт тауып отыр.
Фото: Қазақстанның Нидерландтағы елшілігіДауыс берушілердің айтуынша, референдумға қатысу елдің одан әрі дамуына үлес қосу және оның болашағын қалыптастырудың маңызды мүмкіндігі.
Гаагадағы сайлау учаскесіне бүгін 120-дан астам Қазақстан азаматы келеді деп шамаланып отыр. Олардың арасында қазақ диаспорасының өкілдері, студенттер, қазақстандық дипломаттар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Нидерландта уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары бар.
№ 446 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Осыған дейін Қазақстан жастары Әзербайжанда да белсенді дауыс беріп жатқаны туралы жаздық.