Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Гаитиде «Мелисса» дауылынан 25 адам опат болды. Тағы 18 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Ең көп зардап шеккен аймақ - елдің оңтүстігіндегі Пти-Гоав қаласы. Мұнда дауыл 80 үйді толық қиратып, 160-ына зақым келтірген. Қала маңындағы өзен арнасынан асып, бірнеше елді мекенді су басқан. Кей тұрғындар үйлерін балшық пен қоқысқа толы ағын судың басып қалғанын хабарлады.
Билік оңтүстік өңірлерде 152 мүмкіндігі шектеулі азаматтың жедел азық-түлік көмегіне мұқтаж екенін мәлімдеді. Бұған қоса, 11 мыңнан астам адам уақытша баспаналарға орналастырылған.