Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы «Сандалтқан «Садақ» кітабында көктен іздегені жерден табылғандай, осы тарихи қолжазба журналдың бірнеше санын профессор Қайыржан Бекхожиннен алғанын шабыттана жазады. «Қаптаған көп кітаптың арасынан қалыңдығы төрт елі, мұқабасы жыртылған маталы түптің жоғары және төменгі жағына әшекейлеп қара бояумен өрнек салып, орта тұсына «Садак киргизов» деп тасқа басылған сөзі бар, 575-бетіне «Ғалия» кітап-оқуханасы деген таныс штамп басылған салмақты да көлемді кітапты қолыма ұстатты. Жүрегім жарылып кетердей тулап қоя берді», дейді ол. Біз де осы мөрді көруге асықтық.
Әдебиетшінің артында қалған мұрасын мұқият жиып отырған Күләш жеңгейге хабарласып, қолжазба журналдарды бір көруді өтіне сұрап едік, алайда жолымыз болмады. Сосын Алматыдағы Ұлттық кітапханадағы сирек қорда сақталған «Садақ» журналының 1916 жылғы №20, №21, №22 сандарын да шолып шықтық. Үшеуінде де «Ғалия» медресесі кітапханасының мөрі жоқ екен. Кейін Уфа қаласына барып, сондағы Ахмет Зәки Уәлиди атындағы Башқұртстан Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына кірдік. Сирек қордың меңгерушісі Флюр Сибагатовтан «Ғалия» медресесі кітапханасында сақталған басылымдар мен кітаптарды сұрадық. Ол аз уақытта алдымызға көп кітапты үйіп қойды. Сол кітаптардың көпшілігінің бетінен біз іздеген мөр табыла кетті. Бір ғана мөр ар-қылы бірнеше мәліметке қанық болдық.
«Ғалия» медресесінің өз кітапханасы жұмыс істеген. Шәкірттер оқудан қолы қалт еткенде осы кітапханаға барып, кітап, газет-журнал оқып тұрған. Кітапханада орыс, татар әдебиеттерімен қатар, араб, түрік тілдеріндегі кітаптар да болған.
Татар тарихшысы Лилия Тузбекованың жазуынша, «Ғалия» кітапханасының меңгерушісі қызметін медресе шәкірттері атқарған. Олар жыл сайын өз арасынан кітапхана меңгерушісін сайлап отырған. Кітапхана меңгерушісі айына 25 сом көлемінде жалақы алған. Деректерде 1914–1916 жылдары Магдан Магдеев, 1916–1917 жылдары Сайфи Құдаш кітапхана меңгерушісі қызметін атқарғаны айтылады. Соған қарағанда кітапхана
1914 жылы ашылып, медресе жабылған 1917 жылға дейін қызмет еткен секілді.
Кітапхана таңғы 9-дан түнгі сағат 11-ге дейін жұмыс істеген. Шәкірттер газет-журналдарды оқығаны үшін меңгерушіге 20 тиын көлемінде ақы төледі. Сондай-ақ «Ғалияның» шәкірттері өткізген әдеби, музыкалық сауық кештерінен түскен қаражаттың да белгілі бір бөлігі кітапхана қажетіне жұмсалды.
Сонымен қатар оқу залына «Ғалияның» шәкірттері шығарған «Парлақ», «Садақ», «Нәруа» секілді қолжазба журналдар да қойылып, бір бетіне кітапхананың мөрі басылды. «Ғалиядағы» қазақ шәкірттері шығарған «Садақ» қолжазба журналының әрбір жаңа нөмірі осы кітапхананың оқу залынан табылды. Шәкірттер журналды сол жерге барып оқып, ақпарат алды. Сол себепті «Садақ» бізге қаншалықты қымбат болса, осы қолжазба журналды оқырманға ұсынып тұрған кітапхананың да орны алабөтен.
Бүгінде Уфа қаласында «Ғалия» медресесінің ғимараты әл күнге сыны бұзылмай тұр. Алайда медресе кітапханасы сақталмаған. Кезінде кітапхананың төрінде тұрған кейбір кітаптар ғана Башқұртстан Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорына өткізілген. Көпшілігінің бетінде «Ғалия» кітапханасының мөрі бар. Олардың «Ғалияның» бір жәдігері екенін растап тұрған да сол мөрі ғана.
Соңғы жаңалықтар
17%-ға жуық өсім: Қазынаға 6,4 триллион теңге түсті
Экономика • Бүгін, 09:54
Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеп келеді
Инфляция • Бүгін, 09:40
Жаңбыр, тұман, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:17
Жәдігер • Бүгін, 09:05
Қыруар қаражатқа алынған автобустар қаңтарылып тұр
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Талбесік • Бүгін, 08:55
Спорт • Бүгін, 08:52
Мирас • Бүгін, 08:50
Руханият • Бүгін, 08:48
Ғылым • Бүгін, 08:45
Руханият • Бүгін, 08:43
Тұлға • Бүгін, 08:40
Жәдігер • Бүгін, 08:38
Тағзым • Бүгін, 08:35