Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жапонияның «Mitsubishi» компаниясы биылдан бастап елімізден галлий сатып алуды бастайды. Сирек кездесетін металл Павлодар облысында орналасқан зауытта өндіріледі.
Сурет: informburo.kz
Жапон елінің жергілікті «Kyodo» басылымының хабарлауынша, «Mitsubishi Corp.» сауда компаниясы осы жылдың шілдесінде елімізден сирек кездесетін металл галлийді импорттауды жоспарлап отыр. Компанияның мәлімдемесіне сәйкес, оның еншілес «Mitsubishi Corporation RtM Japan Ltd.» компаниясы 2025 жылғы желтоқсанда «Қазақстан алюминийі» АҚ (Eurasian Resources Group құрамына кіреді) компаниясымен бірнеше жыл бойы жылына орта есеппен 15 тонна галлий сатып алу туралы келісімге қол қойған. «Kyodo» ақпаратына сәйкес, аталған компания галлий импортымен алғаш рет айналыспақ.
Металл Павлодардағы зауытта өндіріледі, оның құрылысы 2026 жылдың ІІІ тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Онда өндірілетін барлық өнім Жапонияға жөнелтіледі.
Айта кетсек, Жапония 2021 жылы 96,5 тонна галлий импорттаған, оның 55 тоннасы (57 пайыз) Қытайдан келген. Ал 2023 жылдан бастап ҚХР металл экспортына бақылауды күшейтті, бұл галлийді тұрақты сатып алып отырған елдерге айтарлықтай қиындық туғызған. Алайда, «Mitsubishi» бұл «Қытаймен байланыс үзілді» дегенді білдірмейтінін мәлімдеді, керісінше жаңа жеткізушілерді қарастыруға бағытталғанын атап өтті.
Жалпы, галлий электр көліктеріне арналған жартылай өткізгіштерде, сондай-ақ сұйық кристалды панельдер мен басқа да өнімдерге арналған жарықдиодтарда қолданылады. Ол алюминий өндірісінің қосымша өнімі ретінде алынады. Галлийден өзге, литий секілді маңызды минералдарға бүкіл әлемде сұраныс артып келеді, себебі минералдар жартылай өткізгіштерді, электромобильдерді, сондай-ақ өнеркәсіптік роботтарды өндіруге қолданылады.
Еске сала кетсек, тиісті келісімшартқа былтыр желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары кезінде қол қойылды. «Eurasian Resources Group» 2026 жылы еліміздегі галлий өндірісі жобасына 20 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл металл боксит рудасынан өндіріледі, компания боксит рудасын глинозем алу үшін бұған дейін де өндіріп келді. «Kyodo» болжамынша, компания Қытайдан кейінгі әлемдегі екінші ірі галлий өндірушісіне айналуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32