Ғалымдар Еуропаның 29 елінде чикунгунья вирусының таралу қаупі бар екенін ескертті

18.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Олардың айтуынша, бұған дейін чикунгунья тек ыстық елдерде таралған, себебі оны жылуды жақсы көретін Aedes тұқымдас масалар таратады. Қазір мұндай масалар Африка, Азия және Американың тропикалық аймақтарында ғана емес, Еуропада да жиі кездесіп отыр.

Чикунгунья әлсіздік пен буындардың қатты ауыруын туғызады, ал балалар мен егде жастағылар үшін өлімге әкелуі мүмкін.

Ауруды өткергендердің 40%-ы бес жылдан кейін де артриттен зардап шегеді. Соңғы жылдары чикунгуньяның жекелеген жағдайлары Еуропаның 10 елінде тіркелген.

2025 жылы Франция мен Италия елдерінде жүздеген адам ауырған індет ошақтары болды. Ал Ұлыбритания мен Германия аумағында вирусты тасымалдайтын масалар анықталғанымен, әзірге аурудың жаппай таралуы тіркелмегенін The Guardian жазады.

Ғалымдардың ескертуінше, қазіргі климаттық жағдайларда чикунгуньяны масалар арқылы жұқтыру Испания, Португалия, Италия және Греция елдерінде жылына 6 айдан астам уақыт бойы мүмкін болуы ықтимал.

Ал Бельгия, Франция, Германия, Швейцария және Еуропаның тағы онға жуық елінде бұл қауіп 3–5 айға созылуы мүмкін.

Айта кетелік Ресейде чикунгунья қызбасы анықталған еді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью