Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кофені үнемі тұтыну сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін аздап төмендетуі мүмкін, бұл әсіресе постменопауза кезеңіндегі әйелдерде байқалады. Бұл туралы Health Science Reports журналында жарияланған зерттеу нәтижелерінде айтылған, хабарлайды Tengri Life тілшісі Газета.Ru басылымына сілтеме жасап.

Жұмыс авторлары кофені тұтыну мен сүт безі қатерлі ісігінің қаупі арасындағы байланысқа арналған 31 когорттық зерттеудің мәліметтерін талдады. Зерттеуде кофеині бар, кофеині жоқ кофе және сусынды жалпы тұтыну мөлшері бөлек қарастырылды.
Талдау нәтижесі кофені үнемі ішу кезінде ауру қаупінің төмендеуіне қатысты әлсіз болса да тұрақты тенденция барын көрсеткен. Ең айқын әсер постменопаузадағы, яғни аналық бездердің функционалдық белсенділігі табиғи түрде төмендеп, етеккір тоқтаған кезеңдегі әйелдерде байқалды.
Бұл ретте кофеинсіз кофе де, таза кофеин де қауіппен айтарлықтай байланыс көрсетпеді, бұл сусынның құрамындағы басқа компоненттердің рөлін айғақтайды.
Кофенің ықтимал қорғаныс әсері кофеинге емес, дән құрамындағы биологиялық белсенді заттар кешеніне байланысты болуы мүмкін. Олардың қатарында хлороген қышқылдарын қоса алғандағы полифенолдар, сондай-ақ антиоксиданттар мен қабыну процестеріне және зат алмасуға әсер ететін қосылыстар бар.
Сонымен қатар ғалымдар кофені тұтыну мен сүт безі қатерлі ісігі қаупінің төмендеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты растау үшін қосымша ауқымды зерттеулер қажет екенін атап өтті.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу