Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
ҰАҒБО ғалымдары құрылымдалған сүт өнімдерін өндіруде мүлде жаңа тәсілді — табиғи криопорошоктарды қолдануды ұсынып отыр.
Криопорошоктар — сублимациялық кептіру технологиясын пайдалана отырып, қазақстандық шикізаттан алынатын биологиялық белсенді заттардың концентраттары.
Олар жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштерсіз, өнімнің табиғи түсі мен дәмін қалыптастыруға жол ашады.
Эксперименттік зерттеулер мен технологияны сынақтан өткізу ҰАҒБО-ның еншілес ұйымы — «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері Ғылыми зерттеу институты» ЖШС базасында жүргізіліп жатыр.
Фото: ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметіншще, әзірлеме нақты тағамдық құндылығы бар функционалдық сүт өнімдерін жасауға бағытталған.
Криопорошоктар өнімді В тобының дәрумендерімен, Е дәруменімен және β-каротинмен байытып, өңдеудің жұмсақ технологиясы арқылы биологиялық құнды компоненттердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Отандық шикізатты және өз технологиялық шешімдерін пайдалану импорттық қоспалар мен ингредиенттерге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.Бұл өз кезегінде ішкі қайта өңдеуді дамытуға, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын арттыруға және ұлттық пайдалы тағам өнімдері желісін қалыптастыруға ықпал етеді.