Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қос тарап 4,5 жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» командасының академиясында тәлім алған ол үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы аталған клубтан бастады. Одан кейін «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана), кипрлік «Акритас Хлоракас», словакиялық «Кошице» клубтарында доп тепті.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2024 жылы өткізді. Қазірге дейін 6 ойында бір голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол еліміздің 17, 19, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады.
Бұған дейін Ғалымжан семейлік «Елімай» командасының сапында өнер көрсетті.