Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - Үкімет аппаратының басшысы лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда ақпаратында.
Бұған дейін Мәжілістің бейінді комитеті оның кандидатурасын мақұлдаған болатын.
"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлының кандидатурасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындау үшін мақұлданды", - делінген ресми хабарламада.
Бұл мәселені депутаттар "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 30-бабына сәйкес қарады.
Ғалымжан Қойшыбаевтың өмірбаяныҒалымжан Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1991 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты (1994).
1995-1997 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі.
2004 жылы – Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) жанындағы өкілетті өкілі.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы.
2006-2008 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2008-2012 жылдары – Қазақстанның Литвадағы елшісі, сонымен қатар Қазақстанның Латвия, Эстония және Финляндиядағы елшісі міндетін қоса атқарушы.
2012-2016 жылдары – Қазақстанның Финляндиядағы елшісі, сонымен қатар Қазақстанның Эстониядағы елшісі міндетін қоса атқарушы.
2016-2019 жылдары – Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы 18 қыркүйекте Президент Жарлығымен премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2021 жылғы 18 қаңтарда Президент Жарлығымен премьер-министр кеңсесінің басшысы лауазымына қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда Президент Жарлығымен тағы да премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 2023 жылғы қаңтарда Ғалымжан Қойшыбаев Вице-премьер - Үкімет аппаратының басшысы болды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу