Гарвард пен Оксфорд шахматшылары Алматыда бас қосады

10.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Фото: istockphoto.com

Жарысқа 16 университет командасы қатысады. Олардың қатарында Оксфорд, Кембридж, Гарвард сияқты көпғасырлық академиялық тарихы мен бай шахматтық дәстүрі бар іргелі жоғары оқу орындары бар. Аталған университеттердің шахмат клубтарының құрылғанына бір жарым ғасырдан асқан.

 «FIDE-нің мұндай форматтағы алғашқы чемпионатын өткізу, біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Таңдаудың Қазақстанға түсуі еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы жоғары беделі мен сенімінің айқын дәлелі. Университеттер арасындағы шахмат додасы спорт шеңберінен шығып, кең ауқымды ынтымақтастыққа жол ашатыны өте маңызды. Бүгін шахмат тақтасының басында отырған жастар, арада он жыл өткенде ірі компаниялар мен мемлекеттік институттарды басқаратын тұлғаларға айналады. Мұндай тарихи оқиға үшін Алматы қаласы ең лайықты таңдау», деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Ой жарысында Қазақстан намысын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ ұлттық спорт университеті қорғайды. Финалдық кезеңге 16 команда шығады. Олардың 8-і онлайн-іріктеу қорытындысы бойынша жолдама алса, тағы 8 команда FIDE мен ұйымдастырушылардың арнайы шақыруына ие болды.

Шахматшы Алуа Нұрман әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті

Бірінші кезеңде қатысушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топтан ең үздік шыққан екі команда плей-офф кезеңіне өтіп, ширек финал, жартылай финал және медальдар үшін өтетін шешуші матчтарда бақ сынайды. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 50 мың еуроны құрайды.

Бибісара Асаубаеваға ІІ дәрежелі «Барыс» ордені табысталды

Еске сала кетейік, бұған дейін Сербияда өткен балалар мен жастар арасындағы рапид шахматтан әлем біріншілігінде Қазақстан жастары топ жарды. 450-ден астам спортшы қатысқан жарыста қатысушылар 8, 10, 12 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша бақ сынады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью