Ғасырлық жырдың қуаты

04.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Ата толғауы» атты салтанатты концерт өтті.

Ізгі іс-шараның шымылды­ғы Нұрғиса Тілендиев атында­ғы академиялық фольклор­лы-этно­графиялық «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелде­уін­дегі «Ата толғауы» күйімен ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құт­тықтауын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды.

Салтанатты іс-шара бары­сын­да Премьер-министрдің орын­басары – Мәдениет және ақпа­рат министрі Аида Балаева­ның, Алматы облысы әкімінің, Алматы қаласы әкімі­нің құт­тық­тауы оқылды.

Ақын мерейтойына арнал­ған дүбірлі кешті Жамбыл ауда­­­нынан арнайы келген өнер­­паз­дар бастап, сахналық қойы­­лым салтанатты кештің әрін аша түсті. «Жамбыл ата елі» әнін Жамбыл аудандық мәдениет үйінің солистері орындап, ақынның «Жаз» атты ғажайып туындысын халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Жанқожа Аяпов шыр­қады. «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелдеуімен Мыңжасар Маңғытаевтың «Жам­был жайлауы» туындысы кеш­тің көрігін қыздыра түсті.

Ән мен жыр шырқалған кеш­­те ақын шығармашылығы­на арналған естеліктер де ай­тыл­ды. Бүгінде жырлары әлем­нің көптеген тіліне аударылып, халқын дүйім дүниеге танытқан Жамбыл мұрасын насихаттау хақында пікір білдіріп, құт­тық­тауын арнаған Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов «30-жылдары дәл Жамбылдай бе­делі көтерілген ақын болған жоқ. Жамбыл жырларының арқа­сында қазақ елін әлем таныды. Ақынның бір ғана «Ленинградтық өрендерім» ат­ты жыры майдан даласында қаншама жүректерге жылу беріп, демеу болды. Қазақ сөзінің құдіретін түсіндірген Жамбылдай дара тұлғаның мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің мәні тереңде жатыр. Кезінде ақын ауылына жолы түскендер Жамбыл баба­мызға сәлем беріп, батасын алмай кетпеген. Ендеше ақын ауылындағы музейді, бау-бақты қал-қадерімізше түгендеп, дамыта беру әрқайсымызға парыз», деп атап өтті.

ТҮРКСОЙ түркі мәде­ниеті мен өнерін дамыту халық­аралық ұйымының бас хатшысы, Қырғызстанның халық жазушысы Сұлтан Раев: «Әр дәуірдің сөзін сөйлейтін, күйін күйлеп, жырын жырлайтын жыраулары болады. Олар заманның тамыршысындай ұлтына ұлан­ға­йыр пайдасын тигізеді. Он­дай тұл­ғаларға деген құрмет­тің жемі­сін сол замандағы ­ха­лық жақ­сы біледі. Бүгінде 180 жылдығы тойланып жат­қан Жамбыл Жабаев ғасыр жа­сап, халқының жырауы, батагөй абызы, аңызына айналды. Дауыл-құйындай жыр­ларымен адамзатты шы­ғар­­машылығына арқау етті. Хал­қына өнерді, еңбекті насихаттады. Көне заман мен жаңа дәуірді таразылап, халық қамын ойлап, мұңын мұңдады. Жүз жылдық ғұмырында абыройлы еңбегін елінің игілігіне арнады. Ондай тұлғаның өмірге сирек келетіні анық. Халқы үшін күйінді, хал­қы үшін сүйінді. Болашақ өрендерге үнемі өсиет айтып, жы­рына қосып, батасын беріп, келер күн жақсылығының жыршысы болды. ТҮРКСОЙ ұйы­мы түркі халықтарынан шық­қан мирас тұлғалар мерейтойына тұрақты атсалысып келеді. Барша түркі халықтарының рухани құндылықтары – ортақ мәдени мұрамыз» деп атап өткен Сұлтан Раев әрі қарайғы сөзін Сәкен Сейфуллиннің «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген лепесімен аяқтады.

Кейінгі жылдары жас ға­лым­дар тарапынан ақын мұрасын зерттеуге деген қызы­ғушылық артып келеді. Жамбыл музейінің жетекшісі, ақынның немересі Салтанат Жамбылова баба мұра­сын жинақтау, зерттеу ісінің жанданып, тың жәдігерлермен толығып отырғанын атап өтті. Қазіргі кезде музейдегі жәді­герлер саны 3 мыңнан асқан. Музейге жеткен жәдігерлер арасында 1954 жылы Қытайда төте жазумен басылған шығармалар жинағы ерекше назар аудартады. Осындай құнды еңбектерді сақтап, насихаттау ісі үздіксіз жалғаса беретін болады.

Салтанатты іс-шара барысында еліміздің мәдениетіне үлес қосқан өнер майталмандары Президенттің Құрмет грамотасы және Алғысхаты­мен марапатталды. Олар Жамбыл шығармаларынан ән мен күй орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Бұқарбай батырдың қылышы

Жәдігер • Бүгін, 08:10

Ринг пен рух

Кино • Бүгін, 08:05

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 08:03

«Тактильді Орал» тағылымы

Қоғам • Бүгін, 08:00

«Шахматшы Қонжық» – заманауи ертегі

Руханият • Бүгін, 07:55

«Әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған»: Ақтөбеде ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: 500-ге жуық қазақстандық елге оралады

Оқиға • Кеше

Ертең бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Ауа райы • Кеше

Семейдегі өрт: Оқиға орнында 6 адам медициналық көмекке жүгінді

Оқиға • Кеше

Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: Соңғы 3 жылда 7 млн балаға 2,5 млрд доллар бөлінді

Оқиға • Кеше

ЮНИСЕФ: Жаңа Конституция цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауды күшейтеді

Ата заң • Кеше

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Оқиға • Кеше

Ерлан Қарин: Конституциялық өзгерістер халық мүддесіне қызмет етеді

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью