Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
— Мұнай өндірудің жоспарлы деңгейін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігіне ірі жер қойнауын пайдаланушылармен өндіріс көлемін ұлғайту шаралары бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырамын. Елдің энергия ресурстарына деген сұранысын қанағаттандыру үшін газ өндіру қуатын арттыру қажет. Энергетика министрлігіне QazaqGaz және ҚазМұнайГаз компанияларымен бірлесіп, биыл Қашағанда көлемі 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысын аяқтауды, ал келесі жылдын басында Жаңаөзендегі зауытты пайдалануға беруді тапсырамын, — деді ол.
Үкімет басшысы газ тасымалдау жүйесіне ерекше назар аудару қажеттігін баса айтты.
— «Бейнеу — Бозой — Шымкент» газ құбырының екінші желісін табысты іске асыру стратегиялық міндет саналады. Бұл қолжетімді газ көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Энергетика министрлігі осы орайда тиісті үйлестіру мен қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет, — деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Үкімет басшысы мал шаруашылығында өнімділікті ұлғайтуды тапсырғанын жазған едік.