Газ құбырын үптегендер: Атыраудағы ірі ұрлықтың нүктесі қалай қойылды?

02.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырау облысында «QazaqGaz Aimaq» АҚ-на тиесілі жерасты газ құбырларын қолды қылған қылмыстық топ жауапқа тартылды. Прокуратураның араласуымен мемлекеттік компанияға келтірілген шығын толық қайтарылатын болды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Атырау облысының бір топ тұрғыны алдын ала сөз байласу арқылы «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамына тиесілі жерасты газ құбырларын ұрлаған. Қылмыстық әрекет салдарынан мемлекеттік компанияға 3,4 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілді.

Бірінші сатыдағы сот кінәлі тұлғаларды айыпты деп танып, оларға бас бостандығын шектеу және шартты түрде соттау жазаларын тағайындады. Сондай-ақ, жәбірленуші тараптың залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық қанағаттандырылды.

Алайда, апелляциялық сатыдағы сот бұл үкімді өзгертіп жіберген. Атап айтқанда, ұрланған мүліктің компанияға тиесілігі туралы бөлігін алып тастап, азаматтық талап арызды қараусыз қалдырған. Бұл шешім мемлекеттік компанияны залалды өтету құқығынан іс жүзінде айырды.

Бас прокуратура апелляциялық соттың бұл шешімімен келіспей, кассациялық тәртіппен наразылық енгізді.

Кассациялық сот прокуратураның уәждерін орынды деп танып, келесідей маңызды шешім қабылдады:

Мүлікті заңды негізде иеленіп отырған кез келген ұйым (тек меншік иесі ғана емес) келтірілген залалды өндіру туралы талап қоюға құқылы.Апелляциялық соттың заңсыз шешімінің күші жойылды.

Нәтижесінде, сотталғандардан «QazaqGaz Aimaq» АҚ пайдасына 3,4 млн теңге материалдық шығын ортақтасқан тәртіппен өндірілді. Осылайша, мемлекеттің мүліктік мүддесі қайта қалпына келтірілді.

Бүгін, 11:24

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью