Газ тапшылығы болмай ма?

03.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Атырау облысында көлігіне газ құятын жүргізушілер қатары көбейіп келеді. Мәселен, 2024 жылы газ пайдаланатын көліктер саны 20 мыңға, былтыр 27 мыңға жеткен. Биыл мұндай көліктердің саны 30 мыңнан асуы мүмкін. Бұл өңірде газға сұранысты арттырып, тапшылық тудырмай ма?

Сурет: kaztag.kz

Энергетика министрінің орынбасары Қайырхан Тұтқышбаевтың дерегіне сүйенсек, биыл қаңтар айына жоспарға сәйкес өңір қажеттілігіне 7 110 тонна сұйытылған мұнай газы бөлініпті. Алайда облыстың ай сайынғы нақты сұранысы – 9 мың тонна. Тапшылық деңгейі 21%-ға жетіп отыр. Осыған байланысты жергілікті әкімдік министр­ліктен қосымша үш мың тонна газ сұраған еді. Бірақ министрлік тарапынан бұл сұраныс толық қамтылмай, қосымша 1500 тонна газ бөлініпті.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Анар Ахметованың айтуынша, Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес алдағы айларда берілетін газ көлемі едәуір азайыпты. Мәселен, ақпан айы­на 6 667 тонна, наурыз айына 6 910 тонна сұйытылған мұнай газын беру қарастырылып отыр.

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың пікірінше, алдағы айларға жоспарланған көлемі ай сайынғы сұраныс көрсеткішінен айтарлықтай төмен. Демек жақын айларда газ тапшылығының қайталану қаупі бар. «Мұнай мен газ өндірілетін Атырау облысында мұндай жайт болмауға тиіс», дейді депутат.

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

ЕҰУ-да сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады

Қоғам • Бүгін, 16:51

UFC рейтингі жаңартылды: Шавкат Рахмонов тізімде бар ма?

Спорт • Бүгін, 16:23

Сапаға сай төлем: 14 ақылы учаскеде төлемақы қайта есептеледі

Оқиға • Бүгін, 16:04

Экономист әлеуметтік түйткілдер туралы: Атау ауыстыру мәселені шешпейді

Экономика • Бүгін, 15:57

Павлодарда құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 2 жылға сотталды

Қоғам • Бүгін, 15:49

Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр

Экономика • Бүгін, 15:35

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды

Спорт • Бүгін, 15:13

Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты

Қоғам • Бүгін, 15:06

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді

Оқиға • Бүгін, 14:46

Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Футбол • Бүгін, 14:32

Іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды

Оқиға • Бүгін, 14:21

Қарағанды облысында темір рудасын заңсыз саудалағандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 14:07

Мәулен Әшімбаев: Ғылым экономиканың нақты секторларын да дамытуы керек

Экономика • Бүгін, 13:52

JOLTAP жобасы: Көпбалалы ана Kaspi-дүкен арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 13:43

Олимпиададағы алғашқы допинг-дауы: Италиялық биатлоншы жарыстан шеттетілді

Спорт • Бүгін, 13:18

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью