Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов тұрмыстық газ бойынша берілетін жеңілдіктің көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Газға жеңілдік "әлеуметтік әмиян" арқылы беріледі. Оны тек әлеуметтік осал топтар алады.
"Тауарлық газ бойынша әлеуметтік осал топтарға шамамен 20 проценттік жеңілдік беріледі деген жоспар бар. 50 проценттік жеңілдік қарастырылмаған", - деді Жаркешов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бұған дейін премьер-министрдің орынбсары Қанат Бозымбаев коммуналдық тарифтерді төлеу жағынан кімдерге жеңілдік жасалатынын айтқан болатын.