Газа секторындағы шабуылдардан қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты

23.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Агенттік мәліметінше, 2023 жылдың қазан айынан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған соққылары салдарынан 72 263 адам қаза тауып, 171 944 адам жараланған.

Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, Рамазан айы басталған 20 наурыздан бері анклавтағы ауруханаларға Израиль шабуылдарынан жараланған 30 адам жеткізіліп, 9 адамның мәйіті әкелінген.

– 2025 жылғы 10 қазанда жарияланған атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, Израильдің Газаға жасаған шабуылдары салдарынан 687 адам қаза тауып, 1845 адам жараланды. Қираған ғимараттардың астында мыңдаған адамның денесі жатыр, олардың ішінде бітім күшіне енгеннен кейін қаза болған 756 адам бар, – деп жазды Anadolu Ajansı.

Бұған дейін Израиль Газа секторына әуе соққыларын қайта бастағаны туралы хабарланған болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью