Газада әуе соққысынан 11 адам қаза тапты

19.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Израиль қорғаныс күштері Газада автокөлікке әуе соққысын жасады.

Салдарынан 11 адам қаза тапты, олардың жетеуі - бала. Палестиналық Al-Aqsa телеарнасының мәліметінше, көлік еш ескерту жасалмастан атқыланған. Ал Израиль басылымдары көліктің «сары сызықтан» - атысты тоқтату шекарасынан өтіп, әскери бекетке қарай бағыт алғанын және ескерту оқтарына жауап бермегенін айтты. Газадағы Адам құқықтары орталығы Израильді атысты тоқтату туралы келісімді жүйелі түрде бұзып келеді деп айыптады. Ұйым дерегінше, келісім күшіне енген сәттен бері ЦАХАЛ анклав аумағында 129 рет шабуыл  жасап, 34 бейбіт тұрғынның өмірін қиған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью