Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Газа секторында Израиль әскери күштерінің соққысынан бір тәулікте 24 адам қаза тапты. Тағы 80 тұрғын түрлі дене жарақатын алды.
Бірінші соққы Римал ауданында тіркелді. Одан кейін Дейр-эль-Балах пен Нусейраттағы екі тұрғын үйге шабуыл жасалып, ондаған адам көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес қираған үйлер астында қалғандарды іздеу жұмыстары басталды.
2023 жылдың 8 қазанынан бері Израильдің шабуылдары нәтижесінде шамамен 9500 адам хабар ошарсыз кеткен. Сондай-ақ Газа инфрақұрылымының 90%-ы қирады.