Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Израиль армиясы бұл соққының ХАМАС-тың атысты тоқтату келісімін бұзуына жауап ретінде жасалғанын айтты.
Газадағы медициналық қызметкерлердің айтуынша, бір әуе шабуылы шатырлы лагерьге жасалып, кемінде төрт адам қаза тапты. Хан Юнис маңындағы соққыдан бес адам, Газа секторының солтүстігінде тағы бір адам қаза тапты.
ХАМАС-тың Газа секторындағы өкілі Хазем Қасем Израильді қоныс аударған палестиналықтарға қарсы жаңа шабуыл жасады деп айыптап, мұны келісімдерді өрескел бұзу деп атады. Оның айтуынша, оқиға АҚШ президенті Дональд Трамп жанындағы Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысына бірнеше күн қалғанда болған.
Израиль армиясы бұл соққыларды халықаралық құқыққа сай және дәл деп атап, Палестина жағының қазан айында қол жеткізілген атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзғанын баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 6 қазанында Израиль мен ХАМАС делегациялары Египет, Катар, АҚШ және Түркия медиаторларының қатысуымен жанжалды реттеу бойынша жанама келіссөздерді қайта бастады. 9 қазанда тараптар АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңін жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Атысты тоқтату туралы келісім ағымдағы жылдың 10 қазанында күшіне енді.
Бұған дейін Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде ХАМАС «адамдарды өлтіруді» жалғастыра берсе, «ұйымды жоямыз» деп қорқытты.