Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Израиль әскері Газа секторындағы су құдықтарының 90 пайызын жойды. Су және кәріз желілерінің 80%-ы бұзылып, аймақта экологиялық және медициналық дағдарыс орнады.
Бұл туралы Газа секторының солтүстігіндегі муниципалитеттер одағы мәлімдеді. Су тапшылығынан санитарлық жағдай ушығып, қала көшелерінде 250 мың тонна қоқыс жиналып қалды. Екі жылға созылған израиль шабуылдарынан кейін Газаның солтүстігі, тіршілікке жарамсыз аймаққа айналған. Өңірдегі инфрақұрылымның 90 пайызы істен шықты. Оның ішінде су және кәріз жүйелері, жолдар, тұрғын үйлер мен қоғамдық нысандар бар.