Газада үйінді астынан 45 адамның мәйіті табылды

17.12.2025

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Газадағы үйінділер астынан 45 палестиндіктің сүйегі табылды.

Бұл туралы жергілікті азаматтық қорғаныс қызметі хабарлады. Қазір техниканың жетіспеуіне байланысты қираған ғимараттардың арасынан мәйіттерді тауып, алып шығу қиынға соғып тұр. Билік өкілдері үйінді астында әлі де адам мүрдесі жатуы ықтимал екенін айтады. Бірақ жоққа жүйрік жетпейді. Техника болмаған соң тау-тау қоқысты аршуға қара жаяу мамандардың шамасы жетпей жатыр.   

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью