Газада жаңа үкімет құрудың шартын аталды

31.12.2025

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Келер жылы Газа секторында жаңа үкімет құрылуы үшін алдымен ХАМАС ұйымы қарусыздануы керек. Америкалық Fox News телеарнасына сұхбат берген Израиль премьер-министрі осылай деп мәлімдеді. 

Биньямин Нетаньяхудың айтуына қарағанда, қозғалыс мүшелері қаруын тастамаса, халықаралық күштердің көмегіне жүгінеді. Ол басқа да амалдарды қарастырып жатқанын жеткізді. Оқ атпау режимі күшіне енсе де, Израиль Газа секторына әуе шабуылын тоқтатпай тұр. Нетаньяхудың айтуынша, президент Трамп бұған алаңдаушылық білдірмеген. Рейтер агенттігінің кейінгі дерегі бойынша, бейбіт келісім жасалғалы Газа секторында 400-ден аса палестиналықтың өмірі қиылды. Олардың көбі бейбіт тұрғын.    

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью