Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Депутаттардың қарауына бірінші оқылымдағы Мәжіліс әзірлеген газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамалық түзетулер енгізіледі.
Заң жобасы газды ұқыпты тұтынуға ынталандыруға, цифрландыруға және оны ішкі нарықта есепке алудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Құжатта жеке газ тарату ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу, тариф белгілеу әдістерін өзгерту, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың бақылауын күшейту қарастырылған. Тиісті өзгерістер «Мемлекеттік мүлік туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы», «Табиғи монополиялар туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарға енгізіледі.
Депутаттар сондай-ақ Сербия Республикасымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы, Түрікменстанмен арадағы жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.
М.ЖАЛҒАСҰЛЫ