Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Газбен жабдықтауға қатысты заңнамалық түзетулер аясында газ үшін сараланған тариф енгізу жоспарланған. Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде газға баға белгілеу жүйесінде нақты тұтыну көлемі ескерілмейді. Әрбір өңірдің климаттық ерекшеліктері де назарға алынбайды.
"Мәселен, жылы өңірде орналасқан ауданы 200 шаршы метр тұрғын үй суық климатты өңірдегі осындай үйге қарағанда газды көбірек тұтынады. Алайда бұл айырмашылық баға белгілеуде көрініс таппайды, бұл әлеуметтік әділеттілік қағидатын бұзып, газды үнемдеуге ынталандырмайды", - деді Жаңбыршин мәжілістің бүгінгі отырысында.
Осыған байланысты газды тұтыну бойынша белгіленген нормадан асқан жағдайда сараланған тарифті қолдану жоспарланған. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында газды айлық тұтыну нормасын 800 м³ көлемінде белгілеу ұсынылып отыр. Одан асқан жағдайда жоғарылатушы коэффициент қолданылады. Бүгінде ондай әдіс су және энергетика саласында қолданылады.
Айта кетері, әрбір өңірде газды тұтыну нормасын жергілікті мәслихаттар бекітеді. Бүгін мәжіліс депутаттары заңды бірінші оқылымда қабылдады.