Ғажайыппен аман қалды: Павлодарда 4 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

10.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бала балконнан құлап кеткен. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында жатыр, жағдайы ауыр. Оқыс оқиға 9 қыркүйек күні кешке болған.

"Көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы пәтер балконынан кәмелетке толмаған бала құлап кетті", - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға кезінде ата-анасы үйде болмаған.

"Баланың анасы кіші баласымен аулада болған. Үйдегі балаға тәтесі қарап қалған, ол бір сәтке айналғанда, бала балконға шығып, орындық қойып, кондиционердің үстіне шығып кеткен. Содан кейін төмен қарай құлап, астыңғы қабаттардағы кондиционерге, содан соң ағашқа соғылған. Осының бәрі соққыны жеңілдеткен болуы керек", - дейді Павлодар облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Зәуреш Қалиева.

Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер ол басы, денесі және ішкі мүшелерінен көптеген жарақат алғанын анықтады.

"Бала ғажайыптың күшімен аман қалды. Мұндай биіктіктен құлау оқиғаларының басым көпшілігі өліммен аяқталады. Баланың бірден жерге құламай, соғылып барып түскенінен жолы болған көрінеді. Қазір қандай да бір болжам жасау ерте. Алған жарақаттарына байланысты жағдайы ауыр. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралары жалғасып жатыр. Бала есін біледі", - деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

Дәрігерлердің мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында көпқабатты үйлердің терезесінен он бала құлап кеткен, үш кәмелетке толмаған бала көз жұмды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью