Где в Алматы можно выгуливать собак, а где нельзя правила

02.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматыдағы аулалардың бірінде тұрғындар иттерді серуендетуге тыйым салатын тақтайшаны өздері орнатқан. Бұл белгінің суреті әлеуметтік желіде жарияланып, тұрғындардың мұндай шектеу енгізуге құқығы бар ма деген пікірталас тудырды. Tengri Life тілшісі бұған қатысты ережелер мен заңда не айтылғанын анықтап көрді.

Алматыдағы аулалардың бірінде тұрғындар иттерді серуендетуге тыйым салатын тақтайшаны өздері орнатқан. Бұл белгінің суреті әлеуметтік желіде жарияланып, тұрғындардың мұндай шектеу енгізуге құқығы бар ма деген пікірталас тудырды. Tengri Life тілшісі бұған қатысты ережелер мен заңда не айтылғанын анықтап көрді.

Аулада ит серуендетуге өз бетінше тыйым салуға бола ма?

Талқылауға Threads желісіндегі жарияланым себеп болды. Автор тұрғындар бұл тақтайшаны өздері орнатқанын айтып, мұндай тыйымның заңды күші бар ма деген сұрақ қойған.

"Тұрғындардың көпқабатты үй ауласында ит серуендетуді өз бетінше шектеуге құқығы бар ма?" - деп сұрады қала тұрғыны.

Жарияланым скриншоты: Threads

Бұл сұрақ бойынша тілшіге заңгер Данияр Байғабатов жауап берді.

Оның айтуынша, Алматыда үй жануарларын серуендету ережелерін мәслихат бекіткен, ал иттерді серуендетуге тыйым салынатын немесе шектелетін орындарды жергілікті атқарушы орган - әкімдік қана белгілей алады.

"Алматы туралы айтсақ, мәслихат үй жануарлары - иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін бекіткен. Осы ережелерге сәйкес, жануарларды серуендетуге немесе олардың болуына тыйым салынатын орындарды жергілікті атқарушы орган айқындайды. Қажет болған жағдайда сол орган тиісті белгілер орнатып, серуендету алаңдарын жабдықтайды", - деді заңгер.

Байғабатовтың айтуынша, тұрғындар мұндай тыйым салатын тақтайшаларды өз бетінше орнатса, бұл заңды әрекет деп саналмайды.

"Бұл жағдай - өз бетінше әрекет ету. Егер тұрғындар белгілі бір аумақта ит серуендетуді шектегісі келсе, олар жергілікті атқарушы органға өтініш беріп, тиісті белгіні орнату мәселесін қарастыруды сұрауы керек", - деп түйіндеді заңгер.

Алматыда иттерді қай жерде серуендетуге болады?

Қолданыстағы ережеге сәйкес:

иттерді еркін босатуға тек арнайы жабдықталған серуен алаңдарында рұқсат етіледі; қоғамдық орындарда ит 2 метрден аспайтын қарғыбауда болуы керек; ерекше жауапкершілік талап етілетін иттер тұмылдырық пен 1,5 метрден аспайтын қарғыбауда болуы тиіс (қоршалған жеке аумақтан басқа); мысықтарды тек шлейка және қарғыбаумен серуендетуге рұқсат етіледі.

Белгілі бір аумақта серуендетуге тыйым салынса да, ит қысқа қарғыбауда және тұмылдырықпен болса, әрі айналаға қауіп төндірмесе, ол жерден өтуге рұқсат етіледі.

Ит серуендетуге тыйым салынған орындар

Жануарларды серуендетуге тыйым салынады:

балабақшалар, мектептер және ауруханалар аумағында; балалар және спорт алаңдарында; әкімдік ресми түрде тыйым салатын белгі орнатқан жерлерде.

Сонымен қатар ереже иттердің қараусыз серуендеуіне, сондай-ақ жануарды мас немесе есірткіге мас күйдегі адамдардың серуендетуіне тыйым салады.

Қандай жаза қарастырылған?

Үй жануарларын серуендету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Заңбұзушылықтарға мыналар жатады:

итті міндетті болған жағдайда қарғыбаусыз немесе тұмылдырықсыз серуендету; тыйым салынған жерлерде серуендету; үй жануарының артынан тазалық сақтамау.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2-бабы мынадай айыппұл көздейді:

жеке тұлғаларға - 10 АЕК (43 250 теңге); лауазымды тұлғаларға - 20 АЕК (86 500 теңге); заңды тұлғаларға - 30 АЕК (129 750 теңге).

Егер бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғалар үшін айыппұл 20 АЕК-ке дейін өседі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью