Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Мәліметке сәйкес, Уве К. құжатты өзінің іскерлік серіктесі Томас Шальк-Голодковскийден алған. Ал Томас — ГДР-дің сыртқы сауда министрлігі қызметкерінің ұлы.
Немістің Bild басылымы бірнеше жыл бойы музейден осы жазбаны сатқан адамның есімін жариялауды талап еткен. Себебі музей бұл құжат үшін 25 мың еуро төлеген, ал сатып алу салық төлеушілердің қаражаты есебінен қаржыландырылған. Музей басшылығы бас тартқан соң, журналистер Кёльн қаласының әкімшілік сотына жүгінген. Сот шешімі бойынша, баспасөздің ақпарат алу құқығы жеке деректерді қорғау құқығынан басым деп танылды.
Әңгіме болып отырған құжат — ГДР-ді басқарған Социалистік бірлік партиясы (СЕПГ) ОК саяси бюросының мүшесі Гюнтер Шабовскидің блокнотынан алынған бет. 1989 жылғы 9 қарашада ол үкіметтік баспасөз конференциясын өткізген. Сол кезде журналистердің бірі Шабовскиден Шығыс Германия азаматтарының шетелге еркін шығуына қатысты жаңа ережелер қашан күшіне енетінін сұраған. Ол жазбасына үстірт қарап, «Менің білуімше — дәл қазір, кідіріссіз» деп жауап берген. Осыдан кейін мыңдаған ГДР тұрғындары шекараға қарай ағылып, абдырап қалған шекарашылар өткізу пуктерін ашқан. Нәтижесінде Берлин қабырғасы іс жүзінде құлады. Кейін белгілі болғандай, Шабовскидің жоспарында заңның нақты күшіне ену уақыты мүлде көрсетілмеген.
Еске сала кетсек, Германияда кітапқа байланысты ірі қаржылық қылмыс ашылды.
Сондай-ақ Германияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба жарылып, 58 адам жарақат алды.