Гендерлік саясат саласындағы оң өзгерістер

25.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комис­сияның төрағасы Аида Балаева «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы әрі Қазақ­стандағы Елдік кеңсе өкілі Джерен Гювен Гюреспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ген­дерлік теңдік, әйелдер құ­қықтары мен мүмкіндік­терін кеңей­ту, отбасы институтын нығайту және әйелдер мен балалар құ­қығын қорғау салаларын­дағы ын­ты­мақ­тастықтың қазіргі жағ­дайы мен болашағын талқылады.

Қазақстанда жүргізіліп жат­қан реформаларға, оның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау мәсе­лесі бойынша алдағы республика­лық референ­думға ерекше назар аударылды. Аида Балаева Ата заң жобасында отбасы институтын нығайту, әйелдер мен ерлер үшін тең мүм­кіндік жасау, сондай-ақ ана, әке және балаларды қорғау нормалары қарастырылғанын атап өтті.

«Конституцияда алғаш рет дәстүрлі отбасы институтын қолдау мақсатында неке тең құқықты ер мен әйел одағы ретінде айқын бекітілмек. Бұл дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайтуға әсер етеді. Қазақстан үшін бұл мәселе аса маңызды. Әңгіме тек мәдени және тарихи дәстүрлерді сақтау туралы ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды саяси және экономикалық аспектілер жайында болып отыр. Еліміздің аумағы кең, ал халық тығыздығы төмен болғандықтан, отбасы институтын нығайту мемлекеттің тұрақты дамуына тікелей әсер етеді», деді А.Балаева.

Жиында Джерен Гювен Гюрес елдегі гендерлік саясат сала­сындағы оң өзгерістерге тоқ­талды. Оның айтуынша, қазір­гі кезде БҰҰ мен Қазақстан өзара ынты­мақтастықтың екінші кезеңі­не өтті. Сондай-ақ кездесуде «БҰҰ-Әйелдер» сарапшыларын осы жұмысқа тарту мәселесі де сөз етілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар гендерлік саясат пен тұрақты даму салаларында нақты нәтиже күтілетін жұмыстарды жалғастыруға келісті. 

Соңғы жаңалықтар

Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты

Туризм • Бүгін, 08:25

«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»

Сұхбат • Бүгін, 08:20

100-ге жуық байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 08:17

Асыл тас хикаясы

Таным • Бүгін, 08:15

Қоныс аударушыларды қолдайды

Қоғам • Бүгін, 08:12

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Жадымызды жаңғыртқан сайыстар

Мирас • Бүгін, 08:05

Гендерлік саясат саласындағы оң өзгерістер

Саясат • Бүгін, 08:02

Ілиястың Қызылордадағы іздері

Көрме • Бүгін, 08:00

Үшем өмірге келді

Қоғам • Бүгін, 07:55

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Елорда • Бүгін, 02:45

Ғылым қалашығында қоныс той

Қоғам • Кеше

Жалпыұлттық коалиция Қарағанды облысында бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елдімекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

Аймақтар • Кеше

Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью