Генерал ретінде берген сөзімді растаймын: Тәшиев алдағы президент сайлауына қатыспайды

17.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Экс-шенеунік өз есіміне қатысты түрлі саяси алыпқашпа әңгімелерге нүкте қою үшін ұстанымын ашық жеткізуді жөн көргенін айтты.

«Соңғы уақытта 2027 жылғы президент сайлауына байланысты түрлі әңгімелер айтылып, менің атым аталған шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралып жатыр. Сондықтан халық арасында негізсіз болжамдар мен қауесеттерге жол бермеу үшін өз ұстанымымды ашық мәлімдеуді жөн санадым. Мен 2027 жылғы президент сайлауына қатыспаймын. Мұны бұған дейін де бірнеше рет айтқанмын. Бүгін де генерал ретінде берген сөзімді растаймын. Мен бұл сөзімнен ешқашан таймаймын. Менің ұстанымым өзгерген жоқ және өзгермейді», деді Қамшыбек Тәшиев.

«75-тің ісі»: Прокурорлар Қамшыбек Тәшиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Сондай-ақ ол алдағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Садыр Жапаровты толық қолдайтынын жеткізді.

«2027 жылғы президент сайлауында Қырғыз Республикасының президенті, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Садыр Нұрғожоұлы Жапаровты толық қолдаймын. Бұл – менің бұрыннан берік ұстанымым. Елдегі тұрақтылық, мемлекеттің мүддесі мен қоғамдағы келісім мен үшін бәрінен жоғары. Мемлекетшіл азамат әрі патриот ретінде досым Садыр Нұрғожоұлын қолдаймын. Оны қолдау арқылы мемлекетіміздің дамуына, халықтың бірлігіне және Қырғызстанның болашағына үлес қосып жатырмын деп есептеймін», деді ол.

Қамшыбек Тәшиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды

Тәшиев ар-ұятының халық пен Жаратушы алдында таза екенін айтып, бұдан әрі де елі мен халқына адал қызмет ететінін жеткізді. Сонымен қатар азаматтарды өзінің атын пайдаланып жалған ақпарат тарататын арандатушыларға сенбеуге шақырды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью