Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, аңыз боксшы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас чемпионға ақыл-кеңесін айтты.
— Сіз енді Олимпиада отбасының мүшесісіз. Бірақ бұл медальдің да екі жағы бар. Адам болып қала беріңіз. Олимпиада чемпионы болу — үлкен жауапкершілік. Адам болып қалсаңыз, бұл нағыз жетістік. Мен сіздің қазіргі болмысыңызды сақтап қалуыңызды қалаймын. Олимпиада алтыны — сіздің маңдай теріңіз, еңбегіңіз, табандылығыңыздың жемісі. Бірақ медаль сізді тұлға ретінде айқындамайды. Ал өзіңізді тұлға ретінде анықтау үшін сіз өзіңіздің адами қасиеттеріңізді сақтауыңыз керек. Ол (медаль — ред.) барлық есікті аша бермейді, — деді Головкин.
Шайдоров өз кезегінде Геннадий Головкинге және министр Ербол Мырзабосыновқа рахметін айтты.
— Мен барлық қазақстандыққа үлкен алғыс айтқым келеді. Пікірлер өте көп болды, және барлығы маған қысым болады деп ойлады, бірақ керісінше болды. Бұл мені шынымен жігерлендіріп, күш берді. Мен тек күрескім келеді және соңына дейін күрестім, — деді спортшы.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Михаил Шайдоров араға 32 жыл салып, ел қоржынына қысқы Олимпиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін сыйлады.
Марапаттау салтанатынан кейін спортшы БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат беріп, қазақстандықтарға сәлемін жолдады.