24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Рыбакина ширек финал жолдамасына таласады. Австралияда теннистен жылдың басты бәскесі жалғасып жатыр.
Бүгін қазазқстандық Елена Рыбакин кезекті кездесуін өткізеді. Қарасыласы – бельгиялық Элизе Мертенс. Жеңіске жеткені ширек финалға шығады. Еленадан басқа жерлестеріміз жарысты аяқтады. Яғни жекелей сында Юлия Путинцева мен Александр Бублик жеңіліп қалды.
Жалпы есепте үшінші орындамыз
Жалпы есепте үшінші орындамыз. Қазақстандық каратэшілер әлемдік премьер лигада өте сәтті өнер көрсетті. Байрақты бәсекені Түркияның Стамбұл қаласы қабылдады және оған дүниежүзілік рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған спортшылар ғана қатысты. Нақтырақ айтқанда, 65 елден 400-ге жуық спортшы жиналды. Араларында қазақстандық қыз-жігіттер де бар. Әсіресе әйелдер арасындағы сында жерлестеріміз жақсы жекпе-жектер өткізіп, екі бірдей алтын жеңіп алды. Алдымен 55 келідегі Бэлла Самашева барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Финалда словакиялық Нина Квасникованы жеңді. Артынша +68 келідегі Софья Берульцева да чемпион атанды. Ол ақтық сында Непал өкілі Арика Гурунгты ұтты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Тіпті, осы спорттың тарихи отаны саналатын Жапонияның да алдына шықты. Айта кету керек, бұл - әлемдік премьер лиганың алғашқы кезеңі. Алда әлі осындай бірнеше жарыс өтеді. Сәйкесінше, ұлттық құрама өкілдері де жыл басындағы жоғары қарқынды жоғалтпай, жеңіс жолын жалғай түсуді жоспарлап отыр.
Қазақ боксшылары Испанияға аттанды
Қазақ боксшылары Испанияға аттанды. Нұржан Насанов баптайтын жігіттер ол жақта алдымен жаттығу жиынына қатысаты, артынша халықаралық турнирде бақ сынайды. Жуырда ғана тағайындалған бас бапкер әр салмақта екі боксшыдан алып кетті. Яғни кәрі құрлықтағы турнир арқылы кішігірім іріктеу өткізбек. Атап айтар болсақ, 50 келіде Санжар Тәшкенбай мен Нұрзат Оңғаров, 55 келіде Махмұд Сабырхан мен Бексұлтан Боранбек, 60 келіде Серік Теміржанов пен Дәулет Молдашев, 70 келіде Төрехан Сабырхан мен Нұрбек Мұрсал, 75 келіде Тимур Нұрсейітов пен Аман Қонысбеков, 80 келіде Ерасыл Жақпеков пен Азамат Бектас, 90 келіде Сағындық Тоғымбай мен Оңталап Рахманов, ал, аса ауыр салмқата Айбек Оралбай мен Нұрасыл Асылхан шыршы алаңға шығады. Жалпы ұлттық құрамадағы жұмыс біртіндеп жүйеленіп келеді және жақын болашақта өз жемісін береді дейді Нұржан Насанов.
Нұржан Насанов, Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:
- Жылдың басы болғандықтан боксшылар біраз шаршы алаңға шықпай қалды. Сондықтан бізге жарыс тәжірибесі аса қажет. Бас жаттықтырушы қызметіне кіріскеніме аз уақыт болса да, боксшылармен өзара түсіністік бар. Басты ұстаным - тәртіп пен ауызбіршілік, қалыптасқан шеберлік мектебін бұзбай, жаңа элементтер енгізу.
Геннадий Головкин Ташкентке барды
Головкин Ташкентке табан тіреді. World Boxing ұйымының басшысы Өзбекстан астанасында Азия Олимпиадалық кеңесінің ассамблеясына қатысады. Бұдан бөлек, бірқатар маңызды кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Өйткені 2026 жылы World Boxing ұйымдастыратын Әлем кубогының финалдық кезеңі осы жерде өтеді. Айта кету керек, көрші ел даңқты боксшыны өте жақсы күтіп алды. Әуежайға арнайы Өзбектсан бокс федерациясының президенті әрі Азия бокс федерациясының вице-президенті Сәкен Полатов, Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Отабек Умаров келді. Бұған қоса, танымал төреші әрі жергілікті федерация басшыларының бірі Равшан Ирматовты да бейнежазбадан байқауға болады. Азия Олимпиадалық кеңесінің жиыны бүгін, яғни 26 қаңтарда өтеді. Оған 45 елдің ұлттық олимпиадалық комитттерінің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.