Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ұлттық ұланның Орталық музейі ерекше құнды жәдігермен толықты. Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин музей қорына өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты.
Бұл жаңалық Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Марлен Сұрамаев үшін айрықша мәнге ие. Ол бала кезінен Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін жіті бақылап, оның сабырлылығы, еңбекқорлығы және чемпиондық мінезіне тәнті болып өсті.
Алматы қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған ұландықтың өзі де бокспен ұзақ жылдар айналысқан. Марлен - Республикалық спорт колледжінің түлегі, спорт шеберлігіне кандидат, Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері әрі Алматы қаласының чемпионы.
Оның айтуынша, дәл Геннадий Головкиннің өмір жолы оған үлкен жеңістердің күнделікті еңбек пен темірдей тәртіптің арқасында келетінін ұғындырған.
Жуырда Марлен Құрмет қарауылы ротасының құрамында Геннадий Головкиннің есімі Даңқ залына жазылуына арналған құттықтау бейнеролигінің түсіріліміне қатысқан болатын. Ал бүгін ол спорт саңлағының музейге қолғабын табыстағаны туралы жаңалықты ерекше әсермен қабылдады.
Енді бұл естелік құқықтық тәртіп әскерлерінің Орталық музейінде сақталып, ұрпақтар сабақтастығының белгісі ретінде жас әскери қызметшілерге жігер беретін тағылымды мұра болмақ.