Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың даңқ залына енді

15.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Геннадий Головкин Халықаралық бокстың Даңқ Залына енген республиканың алғашқы өкілі болды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.

Оны элиталық клубқа қабылдау рәсімі АҚШ-та өтті. Головкиннің есімі қазір ресми түрде Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сияқты аңыздардың қатарында тұр, деп атап өтті ҰОК.

© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаГеннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

© Photo : Национальный олимпийский комитет Казахстана

"Геннадий Головкиннің бұл мәртебеге ие болуы оның бірегей спорттық көрсеткіштеріне негізделген. Әуесқой бокста ол 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жеткен. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшысы болып, ел намысын әлемдік деңгейдегі ең ірі жарыстарда абыроймен қорғады.", - деп хабарлады Комитет.

Қазақстандық боксшымен бірге "Класс 2026" тізіміне америкалық Антонио Тарвер мен британдық Найджел Бенн кіреді.

© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаГеннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

© Photo : Национальный олимпийский комитет Казахстана

Головкин кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін XXI ғасырдағы орта салмақтағы үстемдік ететін чемпиондардың біріне айналды. Оның еншісінде 45 жекпе-жек пен 42 жеңіс бар. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Спорттық мансабында ол WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың әлемдік рейтингінде (Pound-for-Pound) көш бастады.

© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаГеннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

© Photo : Национальный олимпийский комитет Казахстана

Головкин орта салмақ тарихындағы бірқатар рекордтардың иесі. Оның тоғыз жыл бойы қатарынан жалғасқан 23 нокауттық жеңісі осы дивизион тарихындағы ең ұзақ серия болып саналады.

Сонымен қатар оның қоржынында әлем чемпионы титулдарын сәтті қорғаудың 21 көрсеткіші бар. Ал 90 пайыздан асқан мерзімінен бұрын аяқталған жеңістер көрсеткіші әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары нәтижелердің бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаГеннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

© Photo : Национальный олимпийский комитет Казахстана

Бүгінде Геннадий Головкин ел мүддесін тек рингте ғана емес, халықаралық спорттық басқару деңгейінде де танытып келеді. Ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарады, сондай-ақ World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарады. Осылайша ол халықаралық спорт федерациясының президенті болып сайланған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью