Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды

16.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

12-15 мамыр аралығында Астана қаласында EcoForming экология және білім беру қоры ұйымдастырған Geo Star ұлттық география олимпиадасының финалдық кезеңі өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірінен облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 7-8 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиаданың финалдық кезеңі тестілік, мультимедиалық және далалық тапсырмалары бар екі кезеңнен тұрды. Бұл жарыстың тәжірибелік мәні мен пәнаралық сипатын күшейтеді. Далалық кезеңнің жарысы басталмас бұрын қатысушылар «Таза Қазақстан» жобасының аясында Астанадағы «Көктал» саябағына көшет отырғызды. Осылайша, олимпиаданың тәрбиелік сипаты да күшейе түсті.  

Бүгінде география ғылымы қарқынды дамып, ауқымы кеңейіп келе жатқан салалардың біріне айналды. Ол жер бедері мен Жер бетінің құрылымын, табиғатты, елдердің аумағын зерттейтін дәстүрлі ғылым ғана емес, сонымен қатар ғарыштық география секілді жаңа бағыттарды да қамтиды. Осыған байланысты әлемде географияны оқытудың маңызы мен өзектілігі күннен күнге артып келеді. Бұл пән оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтетін көптеген мәлімет ұсынып, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылықты оятады.

EcoForming қорының басшысы Қанат Абашов: «Ұлттық олимпиаданы өткізудегі басты мақсат – оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, сондай-ақ географияның пән ретіндегі мәні мен маңызын насихаттау», деп жобаның маңызын түсіндірді. Олимпиадаға қатысу жасөспірімдердің зерттеу машығын дамытып, білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Geo Star олимпиадасы биыл айтарлықтай өсім көрсетіп, қатысушылар саны екі есе артқан. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқанын айғақтайды.

Geo Star Ұлттық география олимпиадасы аясында қатысушылар арасында ағылшын тілінде арнайы тур ұйымдастырылады. Оның жеңімпазы жыл сайын Таиландта өтетін International Asian Championships ұйымының Азия бойынша география чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Былтыр аталған чемпионатта Қазақстан атынан Алматы қаласының 8-сынып оқушысы Ерік Ерлан қатысып, 90-нан астам қатысушының арасында 14-орын иеленді. Биыл мұндай жолдама астаналық оқушы Қали Нұрсұлтанға бұйырды.

Нұрсұлтанның өзі биылғы жарыс бәсекеге толы өткенін айтады. Қарсыластарының дайындығы жоғары болған.

«Былтыр осы жарыста 2-орын иеленген едім, биыл 3-орын алдым. Дегенмен ағылшын тіліндегі арнайы турда жеңімпаз атанғанымды естігенде, қатты таңырқадым әрі ерекше қуандым. Осы олимпиадаға талай уақыттан бері дайындалған едім», дейді Нұрсұлтан.  

Айта кету керек, олимпиада Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының, дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы – «Астана дарыны» ұйымының әдістемелік қолдауымен, Chevron компаниясының демеушілігімен, сондай-ақ National Geographic Qazaqstan журналы редакциясының контенттік қолдауымен өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды

Экология • Бүгін, 19:00

Биыл Алматыға газбен жүретін 500 автобус пен электробус сатып алынады

Қоғам • Бүгін, 18:20

Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 90%-дан астамы Мемлекет басшысына сенім артады

Қоғам • Бүгін, 17:58

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 17:48

«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді

Мәдениет • Бүгін, 17:24

Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі

Экономика • Бүгін, 16:50

Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды

Президент • Бүгін, 16:42

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан халқының Президентке сенімі жоғары екенін көрсетті

Қоғам • Бүгін, 16:35

Ақтөбеде облысында құралайларға GPS сырға тағылды

Экология • Бүгін, 16:22

PGL Astana 2026 турнирінің алғашқы ойын күні 7000 көрермен жиналды

Елорда • Бүгін, 15:43

Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT-ның 001 сериялы жол жүру картасы табысталды

Президент • Бүгін, 15:20

Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды

Президент • Бүгін, 15:02

LRT іске қосылды: Алғашқы рейстер жолға шықты

Оқиға • Бүгін, 14:40

Президент Astana LRT жұмысын іске қосты

Президент • Бүгін, 14:35

Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасы бой көтереді

Қоғам • Бүгін, 13:58

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью