Геологиялық зерттеуге 240 млрд теңге бөлінді

13.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оның айтуынша, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардан түсетін бонус қаражатының 50%-ы мемлекеттік геология мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

— 2027 жылдың наурыз–сәуірінде алғашқы перспективалы учаскелерді анықтап, аукционға шығару жоспарланып отыр. Бұл инвестиция ағынын арттырады әрі экономикаға оң әсер береді, — деді Қанат Ерубаев.

Оның айтуынша, Астанада халықаралық стандартқа сай аккредиттелген зертханалық кешен құрылады. Кешенде заманауи зертханалар және үлгілер мен деректерді сақтау қоймалары болады.

Сондай-ақ 2026 жылдың 2–3 сәуірінде Астанада алғашқы Орталық Азия геологиялық форумы өтеді. Форум кәсіби қауымдастықты біріктіруге, жобаларды ғылыми сүйемелдеуге және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған.

Айта кетейік, жыл соңына дейін геологиялық материалдар 100% цифрландырылады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью