Геосаяси тепе теңдікті қалай сақтаймыз? Сарапшыдан кеңес

23.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты географиямен ғана емес, күш теңгерімімен де өлшенуі керек. Елдің екі ірі держава – Ресей мен Қытайдың ортасында орналасуы сауда қатынастарын дамытуда жаңа, дәстүрлі емес тәсілдерді талап етеді. Бұл тұрғыда тәуелділікті жай ғана тарату емес, оны саналы түрде басқару мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Сарапшы Дәулет Жамбайбеков economykz.org сайтында жариялаған пікірінде Қазақстан үшін классикалық әртараптандыру логикасы жеткіліксіз екенін атап өтіп, географиялық алыстыққа негізделген «кері әртараптандыру» қағидаты әлдеқайда тиімді болуы мүмкін деген байлам жасайды.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанның екі ірі держава – Ресей мен Қытайдың ортасында орналасуы елдің сыртқы экономикалық саясатына ерекше сипат береді. Бұл ерекшелікті жақын және алыс елдермен сауда қатынастарын дамытуда және оларды әртараптандыруда міндетті түрде ескеру қажет.

Оның айтуынша, көрші елдермен арадағы күш теңгерімі Қазақстан үшін айқын емес.

«Ресей мен Қытайдың әскери, экономикалық және адами әлеуеті Қазақстанмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары. Осындай теңсіздік кез келген тым жоғары тәуелділікті елдің егемендігі мен экономикалық дербестігі үшін қауіпке айналдырады», дейді ол.

Сарапшы бұл мәселеге 2024 жылғы 4 қарашада жарияланған «Билік балансы: жаңа форматты іздеу» мақаласында да арнайы тоқталғанын еске салады.

Дәулет Жамбайбеков қазіргі жағдайдың басты парадоксына назар аударады.

«Географиялық жақындық сауданы дамытуға ықпал етуі тиіс сияқты көрінеді. Бірақ іс жүзінде ол елдің осал тұсына айналып отыр. Көршілерге шамадан тыс интеграция сыртқы саясаттағы маневр жасау мүмкіндігін тарылтады және экономикалық қысым тәуекелдерін күшейтеді», деп жазды ол.

Сарапшы дәстүрлі әртараптандыру тәсілі Қазақстан жағдайында жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Әдеттегі логика тәуелділікті түрлі елдер арасында тең бөлуге бағытталған. Алайда Қазақстан үшін басқаша тәсіл, яғни «кері әртараптандыру» немесе географиялық алыстық қағидаты бойынша әртараптандыру тиімдірек көрінеді», дейді ол.

Оның пайымынша, белгілі бір елге тәуелділіктің шекті деңгейі сол елдің Қазақстанға саяси қысым көрсету мүмкіндігімен кері пропорционалды болуы тиіс.

«Бұл мүмкіндік – географиялық жақындыққа, әскери қуатқа және экономикалық артықшылыққа тікелей байланысты», деп нақтылайды сарапшы.

Осы тұрғыда ол алыс серіктестермен байланысқа ерекше мән беруді ұсынады.

«Еуроодақ, Түркия, Парсы шығанағы елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ секілді мемлекеттермен кей секторларда жоғарырақ тәуелділікке жол беруге болады. Себебі олардың қашықтығы мен құрлық шекарасының болмауы тікелей қысым жасау мүмкіндігін шектейді. Сонымен қатар бірнеше балама серіктестің болуы маневр жасауға мүмкіндік береді», дейді Дәулет Жамбайбеков.

Ал Ресей мен Қытайға қатысты ұстаным өзгеше болуы тиіс.

«Негізгі көршілерге тәуелділік барынша әртараптандырылуы керек. Бірде-бір стратегиялық маңызды сала тек бір көршіге байланбауы тиіс. Сауда қанша маңызды болса да, оның құрылымы экономикалық байланыстарды қысым құралы ретінде қолдануға жол бермейтіндей болуы қажет», деп жазды ол.

Сарапшы тағы бір маңызды бағыт ретінде кері тәуелділікті қалыптастыруды атайды.

«Ресей мен Қытай Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуына мүдделі болуы тиіс. Бұл олардың Қазақстанның транзиттік дәліздеріне, ресурстарына және нарығына тәуелділігін арттыру арқылы іске асады. Көршілердің транзитке қызығушылығы неғұрлым жоғары болса, ықтимал теріс әрекеттердің де ықтималдығы соғұрлым төмен болады», дейді ол.

Осы себепті транзиттік әлеуетті дамыту экономикалық қана емес, ұлттық қауіпсіздіктің де негізгі элементі саналады.

Дәулет Жамбайбеков алыс мемлекеттермен байланыстардың табиғаты өзгеше екенін де атап өтеді.

«Алыс елдермен экономикалық қатынастар еркін әрі құрылымсыз бола алады. Олардың Қазақстанға тәуелділігі ұлттық қауіпсіздікке қатты әсер етпейді, бірақ экономикалық тұрғыда пайдалы болуы мүмкін», дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью