Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Германия АҚШ-та сақтаулы тұрған алтын қорын қайтармақшы.
Көптеген экономист, қаржы сарапшылары әлемдік экономика шатқаяқтап тұрған кезде Дональд Трамптың саяси шешімдерін алдын ала болжау қиын деп қауіптенеді. The Guardian мәліметіне сүйенсек, қазір Америкада Германияның 1236 тонна алтыны бар. Мұның құны шамамен 164 миллиард еуро. Жалпы бұл елдің алтын қорының үштен бір бөлігі Франкфурттағы қаржы орталығында сақтаулы. Тағы 37 пайызы Нью-Йорк қаласындағы банкке орналастырылған. Сондай-ақ Лондондағы Англия банкінде 12 пайыз активі бар.