Германия билігі зейнет жасын 70 ке дейін көтеруді ұсынды

25.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: istockphoto.com

Реформа 2090 жылға дейін біртіндеп жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар жоспар аясында мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігін алып тастау және арнайы мемлекеттік инвестициялық қор құру көзделген. 

Жаңа жүйеге сәйкес, қорға азаматтардың міндетті жарналары есебінен жыл сайын кемінде 30 миллиард еуро аударылып отырады. Кейін бұл инвестициялардан түсетін табыс зейнетақы төлемдерін қаржыландыруға жұмсалады.

Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?

Фридрих Мерцтің айтуынша, аталған шаралар халықтың қартаюы жағдайында зейнетақы жүйесіндегі дағдарыстың алдын алып, жастарға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Германия билігі ауқымды реформаны биылғы жылдың соңына дейін парламент арқылы қабылдауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Германия тұрғындары 66 жасында зейнетке шығады.

Айта кетейік, елімізде зейнет жасы ерлер үшін 63 жас болса, әйелдер үшін 61 жас болып бекітілген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью