Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Өзін-өзі қызмет көрсету кассалары Германиядағы дүкендерде жиі пайда болуда, дегенмен бұл мәселе әлі де пікірталас тудырып отыр. Тауары аз сатып алушылар мұндай терминалдарды ұнатады, өйткені олар кезекте тұрмауға мүмкіндік береді. Ал дүкен иелері үшін бұл көбіне қиындық туғызады: көпшілігі дүкендердегі ұрлықтың жиілегеніне шағымданып отыр.
Осыған байланысты дискаунтерлер желісі Netto енді ерекше шараны сынақтан өткізіп жатыр: өзін-өзі қызмет көрсету кассаларына тек тұрақты клиенттер ғана жіберіледі.
— Қазіргі уақытта біз бірнеше аймақтық таңдалған филиалдарда өзін-өзі қызмет көрсету кассаларын пайдаланудың бейімделген түрін сынақтан өткізіп жатырмыз. Осылайша біз дүкендердегі ұрлық санын азайтуды көздейміз, — деп хабарлады Netto Marken-Discount компаниясының өкілі.
Айта кетелік Германиялық «Юнион» футбол клубын алғаш рет әйел адам жаттықтырады.