Германия мен Испанияда Ресей мүддесіне ақпарат жинаған күдіктілер ұсталды

30.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Румынияда туған 45 жастағы Алла С. бірнеше жыл бойы екі баласымен бірге Рейне қаласындағы көпқабатты үйде тұрған. Өткен сейсенбіде ол қамауға алынып, іс федералдық прокуратураға берілген. БАҚ мәліметінше, оның балаларын жергілікті жастар ісі жөніндегі әлеуметтік қызмет өз қарауына алған.

Тергеу деректеріне қарағанда, әйел Испанияда тұрып, сол жерде ұсталған Украина азаматы саналатын сыбайласымен бірге Украинаға дрон жеткізумен айналысқан неміс кәсіпкерін бақылаған. Тергеушілер олардың әрекеті «нысанға қарсы жасырын іс-қимылдардың келесі кезеңін» – тіпті қастандық немесе физикалық жою әрекетін дайындаумен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Көршілерінің айтуынша, Алла С. тұратын үйде онша танымал болмаған. Бірақ оның пәтерінен жиі айқай-шу естілетін. BILD басылымы көршілерін сөзге тартып көрген. Олардың айтуынша, ол көбіне көңілсіз жүретін, баспалдақта кездескенде амандаспайтын.

Карлсруэдегі федералдық прокуратураның мәліметінше, бақылауға алынған кәсіпкер 2025 жылдың желтоқсанынан бастап ресейлік агенттердің назарында болған. Ал наурыз айының басынан бастап Алла С. оның жеке үйін ұялы телефонға түсіріп жүрген.

Тергеу органдарының бағалауынша, күдіктілер «төмен деңгейлі агенттер» немесе «бір реттік агенттер» болуы мүмкін. Мұндай адамдар арнайы барлау дайындығынан өтпейді, тапсырмаларды аз ақыға орындайды және көбіне кімнің тапсырма беріп отырғанын немесе әрекеттерінің нақты мақсатын білмеуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейіан Польша Қорғаныс министрлігінің қызметкері Ресей пайдасына тыңшылық жасағанын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью