Германия Ресеймен қақтығысқа жол бермеуі керек Бундестаг депутаты

22.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. "Германия үшін балама" оппозициялық партиясынан сайланған Бундестаг депутаты Маркус Фронмайер Берлин Ресеймен тікелей қақтығысқа бармауы керек деп мәлімдеді.

"Германия алдымен өз халқының мүддесін қорғауы керек. Біздің басты міндетіміз – Украинаға шексіз қауіпсіздік кепілдігін беру емес, өз азаматтарымыздың жағдайын ойлау. Германияның мүддесін елемеуге де, Ресеймен тікелей қақтығысқа баруға да болмайды", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға қауіпсіздік кепілдігін Ресейдің қатысуынсыз әзірлеу мүмкін емес екенін айтқан болатын. Ол Германия канцлері Фридрих Мерцтің Мәскеуді бұл процеске қатыстырмау керек деген пікіріне осылай жауап берген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью