Германия соғысты қаржыландырғысы келмейді неміс депутаты

05.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Германия соғысты қаржыландырғысы келмейді, Украинадағы қақтығыс – біздің қақтығысымыз емес, деп мәлімдеді Бундестагтағы оппозициялық оңшыл "Германия үшін балама" партиясының депутаты Маркус-Корнел Фронмайер.

Ол Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПХЭФ) сөйлеген сөзінде:

"Біз соғысты қаржыландырғымыз келмейді, ал Украинадағы қақтығыс – біздің қақтығысымыз емес. Украина НАТО-ның да, Еуроодақтың да мүшесі емес", - деп атап өтті.

"Немістің мүддесін қорғайтын саясаткер ретінде мен үшін жүздеген миллиард доллардың Украинаға не үшін төленіп жатқанын түсіну қиын. Бұл "Солтүстік ағыны" құбырын жарған ел ғой", — деп толықтырды неміс депутаты.

Ресейден Еуропаға тартылған "Солтүстік ағын 1" және "Солтүстік ағын 2" газ құбырлары 2022 жылдың 26 қыркүйегінде жарылған болатын. Германия, Дания және Швеция бұл жағдайды әдейі жасалған диверсия болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью